ҰОС ардагерлеріне 5,4 млрд теңге бір жолғы материалдық көмек берілді

Жеңіс күніне орай ардагерлерге біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті атқарушы органдар бірнеше санаттағы азаматтарға 5,4 млрд теңге көлемінде көмек береді. Бірінші кезекте бұл Ұлы отан соғысына қатысқан 381 адам, 92 Қоршаудағы Ленинград тұрғыны, концлагерьлердің тұтқындары мен соғыс ардагерлерінің әйелдері және күйеулері. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері мен осы санаттарға теңестірілген азаматтарға жыл сайынғы бір реттік материалдық көмек беріледі.

– ҰОС қатысушылары мен мүгедектері – 381 адам

– Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 92 адам

– концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 212 адам

– қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) – 3 221 адам

– ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6 адам

– тыл еңбеккерлері - 74 116 адам

– ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа тұлғалар – 20 111 адам