ҚТЖ 550 шақырым темір жолды күрделі жөндеуден өткізеді

ҚТЖ 550 шақырым темір жолды күрделі жөндеуден өткізеді
«JETISÝ» gazeti

Жыл соңына дейін ірілі-ұсақты 1054 шақырым теміржол жамап-жасқалады немесе жаңартылады.

Соның ішінде 550 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Жұмыс барысында  ескі жол алынып, оның орнына жаңа рельс-шпалдар төселеді. Ол үшін арнайы жол техникалары (бөлшектеу және салу крандары, түзету-қағу-тегістеу, жолды біркелкі ету машиналары, әмбебап құрал-саймандармен жабдықталған платформалар және т.б.) пайдаланылады.

Биылдыққа негізінен Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау бөлімшелерінің магистральдық желілерін бүтіндеп шығу көзделіп отыр. Түркістан облысындағы қызу жұмысқа ақпарат құралдарының өкілдері де куә болды. Журналистер Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шағыр–Талдықұдық аралығындағы шойын жолдың қалай жөнделіп жатқанын өз көздерімен көріп, бұл шаруаның қыр-сырына қанықты.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол магистралдерін жоспарлы түрде жыл сайын жөндеуден өткізіп тұрады.  Бұл қарекет ең әуелі қауіпсіздікті сақтау үшін қажет.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі