Мәжіліс депутаттары бейресми кездесу өткізді

Дайындықсыз, алдын ала әзірленген сұрақсыз, бейресми халықпен жүздесу. Бүгін Мәжіліс депутаттары елордадағы коммуналдық мекеме жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – үлкен залға қалың жұртты жинап дүрлігу емес, алдағы реформа жайын талқылау, елде болатын маңызды саяси оқиғаның мәнін түсіндіру, - дейді Нұрбек Саясат.

Нұрбек Саясат, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Негізгі мақсат – халықпен бейресми түрде кездесу. Көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру. Бүкіл саяси, экономикалық жүйемізде, әлеуметтік өмірде жинақталып қалған проблемаларды ата-заңымызға өзгертумен біз тепе-теңдікті сақтауға бағытталған үлкен реформаның алдында тұрмыз.

Серік, жұмысшы:

– Жаңа Қазақстан деген не ол? Сіздер құр айтып-айтып кетесіздер. Жаңа Қазақстан деген мына төменгі халықтардың тұрмысын жақсарту. Халықтың жағдайы жақсарса, адамда ақыл көп болады. Еліміз Қазақстанымыз жақсы болса екен.