Қ.Боранбаев пен Қ.Сатыбалдыұлын қамауда ұстау тағы бір айға ұзартылды

Қ.Боранбаев пен Қ.Сатыбалдыұлын қамауда ұстау тағы бір айға ұзартылды
Иллюстративті фото / 24.kz

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының соты мәлімдеді.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр. Қайрат Боранбаев есімі 2016 жылдан бері еліміздегі бай адамдар қатарында аталады. Ал Қайрат Сатыбалдыұлы лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдалану және Қазақтелеком АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша күдікпен ұсталған болатын. Бұдан бөлек Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.