Маңғыстау облысында гидрогеолог мамандар даярланады

Маңғыстау облысында гидрогеолог мамандар даярланады

Маңғыстау өңірінде гидрогеолог мамандарды даярлауға облыс әкімдігінен гранттар бөлінбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі өңірде ауыз су тапшы. Мәселені шешу үшін жер асты суы қорын анықтап, бақылау жүргізу керек, дейді аймақтағы геологтар. Осыған байланысты мамандар облыста «гидрогеологиялық су шаруашылығы» мекемесін құру туралы ұсыныс айтқан. Бұл мекеме өңірде магистральды құбыр тарту, суды тұщыту станцияларын тиімді орналастыру және су қорын анықтаумен айналысуы тиіс. Алайда онымен шұғылданатын гидрогеолог мамандар жоқ.

Алмагүл Келбет, «БатысҚазжерҚойнауы» өңіраралық департаментінің маңғыстау облыстық инспекциясының басшысы:

– 30 шақты студентті дайындасақ, маман сол Маңғыстау ауданына, Түпқараған ауданына 5-6 баладан грант бөлінсе деген ұсыныс айтқанмын. Оқуын бітіріп келгеннен кейін жұмыс орнымен қамтылуы тиіс. Жұмыс тобы құрылды. Ең бірінші жер асты суларының санын жүргізеді, қай жерге су тартуға болады, жер астында қанша қоры бар, қашанға шейін алуға болады, ең болмаса қай жерден су өтіп жатыр сол шаруашылықты білу үшін мамандар қажет. Ақтау халқы 90 процент теңіз суын тұщытып ішіп отырмыз.