Өскеменде «Студенттік көктем-2022» байқауы өтті

«Студенттік көктем» фестивалі соңғы екі жылда онлайн форматқа көшкен еді. Биыл байқау жастарға қайтадан айқара есік ашты.Білімді де өнерлі студенттер үлкен сахнада жүзбе-жүз қауышты.

Рахат Сәрсенбекұлы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 3 курс студенті:

Шынын айтқанда, сағынып қалдық Өйткені тек қана университет қабырғасында ғана емес, осындай үлкен сахна қабырғасында өзіміздің унивесритетімізді дамытып,,өз университетімізді көрсеткен бізге үлкен абырой болып есептеледі.

Шара шығармашылық, «Жастар таңдауы» және кәсіптік бағдар беру атты 3 бағытта өтті. 4 университет пен 6 колледж студенті бас қосты. Тақырып- елімізде тұңғыш болып ашылған облыстық «Достық үйінің» 30 жылдығына арналды.Осылайша жастар ұлтаралық келісімді ұлықтады.

Жасұлан Сәрсебаев, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы:

Ең басты Қазақстанның құндылығы бұл әрине біздің тұрақтылығымыз әрине біздің ұлтаралық келісіміміз сондықтан осы идеологияны​ насихаттау үшін осындай үлкен форматта өткізіп отырмыз.

Мұнда болашақ мектеп және колледж түлектеріне кәсіптік бағдар берілді Оқу орындары мамандық түрлерімен таныстырды.Мақсат – өрендерді елімізде қалдырып, тапшы мамандықтарға шақыру.Дәл осы бойынша облыс әкімінің ​ «Білікті маман» гранты нәтиже беріп келеді. Соңғы екі жылда мектеп түлектерінің шет елге кетуі 3 есе азайған.

Мәдина Акабаева, Ә. Бөкейханов университетінің кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы:

Өте маңызды осы жақта өтіп, оларға көп ақпарат берілді.Олардың кейбірінің келуіне көп мүмкіндік бола бермейді Семейге кеп танысу үшін сондықтан ​ Семей қаласының университетімен таныстырып келіп отырмыз.

Фестиваль қатысушылары арасында үздік оқу орындары марапатталды. Дегенмен «Жастар таңдауы» аталымын Сәрсен Аманжолов атындағы университет жеңіп алды.

Авторлары: Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов