Елімізде мейіргерлер мәртебесін көтеретін тың жоба қолға алынды

Елімізде мейіргерлер мәртебесін көтеретін тың жоба қолға алынды

Мейіргер ісін дамытуға бағытталған AccelEd жобасына шетелдік ғалымдар қызығушылық танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай, елордада «Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер мен практика» атты халықаралық конференция өтті. Оған Литва, Нидерланды, Финляндия мен елдегі медицина университеттерінің ғалымдары қатысып, тәжірибе алмасты. Жалпы жыл сайын қазақстандық оқу орындарында 23 мың орта медицина қызметкері, оның ішінде 6 мыңға жуық мейіргер, 3 мың практик маман шығарылады. Қазір колледждерде 93 мыңнан астам болашақ медицина қызметкерлері білім алып жатыр.

Камалжан Надыров «Астана медицина университеті» КЕАҚ ректоры:

– Біз мейіргерлер ісіне жаңашылдық енгізіп, шетелдік әріптестерімізбен тәжірибе алмасып жатырмыз. Бұл жоба арқылы медициналық қызмет сапасын артып, мейіргерлердің мәртебесін көтеруді көздедік.

Жанар Бөкеева «Астана медицина университеті» КЕАҚ департаментінің директоры:

– 2017 жылдан бастап біз мейіргер ісі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес өзіміздің стандарттарды жасадық. Осы мейіргер ісінде оқитын студенттер зерттеу, сапалық, сандық зерттеулер бойынша білім ала алады. Менеджмент бойынша білім ала алады. Негізгі мақсат ДС саласындағы клиникалық көмек көрсете алатын мамандарды дайындау.