Жолдағы шұңқырларды жылдам жамау технологиясы сыналып жатыр

Енді шұрық-тесік жолдар тез жөнделеді. «ҚазАвтоЖол» суыққа да, ыстыққа да төзімді жол жабындысын сынақтан өткізіп жатыр.

"Мажарстанда жасалған технологияға ауыр техниканың қажеті жоқ. Қоспа тез қатаяды, соның арқасында жөнделген аймақты бірден қолдануға  болады", - дейді Қазавтожол өкілдері.

Қазір жаңа қоспа "Нұр-Сұлтан - Қорғалжын" тас жолының бір бөлігіне салынды. Ол жаздың аяғына дейін сынақтан өтеді.

Ләззат Стамғазиева, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы:

- Мажарстанда өндірілетін арнайы технология бар. Қазір арнайы тестілеуден өтіп жатыр. Бұл технология қазір  Р2 "Нұр-Сұлтан - Қорғалжын" республикалық тас жолында қолданылды. Енді осы жол-құрылыс маусымы аясында тестілеп, нәтижесін көреміз. Егер апробациядан сәтті болса, жол-құрылыс саласына технологияны енгізуді ұсынып, әрі қарай сол процедураларды қарастыратын боламыз.