Ақтөбе облысында 96 елді мекенде мобильді байланыс жоқ

Ақтөбе облысындағы 96 елді мекенде мобильді байланыс жоқ. Бірақ проблема келесі жылдың аяғына дейін шешіледі.  Ақтөбеде тұрғындармен кездескен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп уәде етті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жалпы қазір елдегі 1200-ге жуық ауылда интернет атымен жоқ. Мұны бірыңғайлау үшін операторлардың жұмыс сапасын бақылап, оларды ынталандыратын бағдарлама бар. Бұдан бөлек, төмен орбитадағы спутниктер арқылы интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін компаниялардың қызметін қолданатын боламыз. Министрдің айтуынша, бұл жоспар іске асса 50-100 тұрғыны бар шалғай ауылдарда интернеттің игілігін көре алады.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Жалпы 1 200 ауылдық елді мекендерге сол спутниктік интернет бар, басқа да радиоинтернет бар, соларды таратып, соларды интернетке қосу мақсатымыз. 2023-2024 жылдарға арналған бағдарламаларымыз бар. Оларды түйіндей келетін болсақ, «250 минус» деген бағдарламаны іске асыратын боламыз.