Құны 105 млн теңге болатын хоккей корты халық арасында дау тудырды

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

– Құны 105 млн теңге болатын хоккей корты, міне, осы. Қазіргі уақытқа дейін 81 млн теңгенің игеріліп қойғаны да рас. Десе де мамандар бұл корт ангар типтес, жабық түрдегі жазғы уақытта футбол ойнайтын, ал қысқы мерзімде мында су құйып қатырылып, хоккей ойнайтын корт болады деп отыр. Жұмыстың кестеден кешікпегенін айтады.

Құрылысы өткен жылы басталған спорттық нысанның жұмысына қаржының 80%-і төленген. Аудан билігі корттың құны мемлекеттік сараптамадан өткенін, ал оның құрылысы жоспар бойынша жүріп жатқанын айтады. Тек құрылыстың халық арасында не себепті осынша шағым тудырғанын түсінбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Нұржан Оралбаев, аудандық Құрылыс бөлімі басшысының ммндетін атқарушы:

– Темір қаңқасы орнатылды, корт алаңының асфальті төселіп, алаңдары құйылып, барлық жұмыстары бітті. Қазіргі уақытта мердігер компания корттың негізгі төсенішін дайындап жатыр. Сол төсеніштен кейін тент жабындысы жабылады. Одан кейін ішкі жұмыстарға кіріседі.

Алайда мектеп ішілік хоккей командасы бар аудан тұрғындары бұл нысанға балаларын қаңтар айынан бастап әкелеміз деп үміттенген. Себебі о баста нысан қыс кезінде тапсырылуы тиіс еді. 

Елена Каменева, кент тұрғыны:  

– Басында құрылысы жүріп жатқан. Біздің балаларымыз хоккеймен айналысады.  Тіпті үлкендер де мұзға барып сырғанаудан кетәрі емес. Бұл нысан біздің ауданға аса қажет деп есептеймін. Ашылуын бәріміз де күтіп жүрміз.

Рүстем Танышпеков, «Әділдік жолы» ҚБ ҚОФ жетекшісі:

– Біз талдау өткізген кезде негізгі шарт болды, 5 қаңтар мерзімі бойынша. Қосымша екі шарт болды. Онда да 5 қаңтар мерзімі белгіленген. Сол себепті ол бізге күдік тудырды. Кейіннен мүмкін құрылыс бөлімі қосымша шарт жасасқан шығар. Әзірге осы тексеру барысында біз оны анықтаймыз. Кейін осы шарт мамыр айында ма жасасқан болса, онда неге құрылыс бөлімі мердігерге айыппұл салмады, сотқа бермеді деген сұрақ тындап отыр біздің қоғамдық бірлестік тарапынан.

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестік өкілдері осы мәселе бойынша коррупцияға қарсы қызметке жүгінген. Қазір ішкі аудит пен прокурорлар мәселені бүге-шүгесіне дейін тексеріп жатыр. Нәтижесі кейін белгілі болады дейді.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпхар