Талдықорғанда жасөспірімдерге арналған көркемсурет байқауы ұйымдастырылды

Талдықорғанда жасөспірімдерге арналған көркемсурет байқауы ұйымдастырылды

Жастар саябағындағы мерекеде көпшілік назарына жас өнерпаздардың концерті ұсынылды. Сахнада әсем ән айтылып, би биленіп, өнерлі өрендердің шағын спектаклі қойылды. Сондай-ақ қолөнер бұйымдарының көрмесі және  жасөспірімдерге арналған көркемсурет байқауы ұйымдастырылды.

Қалалықтар жас қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалады. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің арнайы техникалары да жеткіншектердің зор қызығушылығын тудырды. Спорттық ойындар ойнатылып мереке көрігін қыздырды. Үстел тенисінен және бүлдіршіндердің велосипедпен жарысы, «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайысы да келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

Асылан Әзімханов, қала тұрғыны: 

Балалар күніне ұйымдастырылған шара өте керемет. Балаларды сыртқа алып шығу мүмкіндік жоқ. Бірақ бүгінгі шара өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл біз үшін өте жақсы демалыс болды.