Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының іргесі кеңейді

Елорда балаларының ғылым мен шығармашылыққа қызығушылығы арта түсетін болады. Балғындардың мерекесіне орай оқушылар сарайының «Білім парк» деп аталатын филиалы сол жағалаудан ашылды. ІТ және шығармашылық бағытындағы орталық мыңнан астам баланы қосымша білімге баулиды. Мұнда домбыра, шахмат, би үйірмелерімен қатар заманауи білімге жетелейтін бөлімдерде бар.

Айгүл Әйтімова, Оқушылар сарайы директорының орынбасары:

Бұл жерде ІТ және шығармашылық бағытында басымдық беріп отырмыз. Мұнда робот құрастыру техникасы, ракета, кеме құрастырумен қатар бокс және би үйірмелері бар. Одан бөлек спорт жағынан бокс және хореография үйірмелеріне жазыла алады.

Мерейлім Асқарбек, жас блогер:

Бұл үйірме блогинг және журналистика деп аталады. Мұнда біз неше түрлі видеолар түсіріп, әр түрлі платформаға салуды, монтаждауды үйренеміз. Осындай үйірме бар екенін естіп, осында келіп тіркеліп, кәсіби түрде осы салаға өтіп жатыр.