Түркістан қаласында «Turan-balafest» он күндігі өз мәресіне жетті

«Керуен сарай» кешенінде өткен байқаудың қорытындысында балалардың қатысуымен оннан аса әр түрлі мерекелік іс-шара өтті.

Өнерпаз балғындар ән айтып, көпті қуантса, қуыршақ театры өздерінің мерекелік қойылымын ұсынды. Балалардың қолынан шыққан туындылар көпшіліктің көзайымына айналды. Сондай-ақ мерекеде «Домбыра пати» балалар флеш-мобы, шахмат және тоғызқұмалақ ойындары турнирдің көрігін қыздырды. Бұдан бөлек кітап көрмесі, көркемсурет галереясы, музыкалық ансамбльдер шеруі, «Жасыл сақшы» экологиялық қозғалысының іс-шаралары өтті.

Дінислам Болатханұлы, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы:

- Түркістан облысында балалардың жасаған еңбектерінің жетістіктерін көрсетуге арналған үлкен «Turan-balafest» іс-шарасын ұйымдастырып отырмыз. Оған облыстық барлық аудандарынан 7 мыңдай бала қатысып жатыр. Бұл бүгінгі фестивальдің қорытындысы ретінде облыстық олимпиада және ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталады.