Нұр-Сұлтанда Орталықта саябақта өткен іс-шараға үш мыңнан астам бала қатысты

Нұр-Сұлтанда Орталықта саябақта өткен іс-шараға үш мыңнан астам бала қатысты

«Балалық шақ - ғажайыптар әлемі». осындай атаумен өткен мерекелік шараға 3 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық саябақтағы 3 аумақта арқан тарту, жүзік ату, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, гір көтеру және ләңгі тебу сайыстары өтті.

Мирлан Алтынбек, тілші:

Көшпенділер ойыны – ләңгі  тебу. Орталық Азия елдеріне ортақ ұлттық спорт түрі. Балалық шақтың жарқын естелігі. Бірақ жастар бұл ойын туралы біле ме? Жастардың қарқынын біліп көрейік.

Өкінішке қарай, теріге тігілген қорғасынды жерге түсірмей 10 рет тепкен жас табылмады. Осыған қарап қазіргі балалардың ләңгіден гөрі доп тепкенді құп көретінін аңғаруға болады. Өздері де жасырмады. Бір сайыстан ұтылса, екіншісінде жеңіп жатты.

- Ләңгіге қатыстым, ұтылып қалдым

- Асық қиын болды. Ұтылып қалдым. Бірақ күреске мықтымын. Жарыстардан орын алып жүрмін.

- Алда арқан тартыс, футболдан және күрестен мықтымын.

- Бүгін менің мақсатым асық пен ләңгі, сосын шашкі. Достарыммен футбол ойнаймын, сосын волейбол.

- Жалпы бүгін көңіл-күйім керемет болып тұр.

- Бүгінгі шара ойдағыдай өтіп жатыр.

Мерекеде кондитерлер мен қолөнер шеберлері өз өнімдерін көрсетті. Боди арт және қуыршақтар шоуы өтті. Ата-аналар да спорттық ойындардан тыс қалмады. Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарға үлгі көрсетті. 

Қабанбай Жақып, қала тұрғыны:

- Онымен қоса мынау туризм саласындағы балалардың құрал-жабдықтарды қалай қолдану керек осы сияқты мастер-кластар өткізілді. Бұл дегеніміз болашақ ұрпақтарымызды отансүйгіштікке баулуға, мынау өлкетануды біз қолға алуымыз керек. Себебі қазір мынау жаһандану заманында оқушылар ұлтжандылыққа тәрбиелемесек, ертең біздің келешегіміз бұлыңғыр.

Бұл мереке әлемнің барлық елінде Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері аталып келеді. Мақсат – балалардың өмірін, құқығын қорғау. Осы ретте Қазақстандағы балалар жылы да осынау мейрамның маңыздылығын одан ары айшықтай түсері сөзсіз.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ержан Қанапия