Қостанайда алимент төлемегендер 7 тәулікке қамалды

Қостанайда алимент төлемегендер 7 тәулікке қамалды

Қостанайда алимент төлеуден жалтарған үш тұрғын қамауға алынды.

Үшеудің жалпы берешегі жеті миллион теңгеге жуықтаған. Біреуі тіпті бес жыл бойы төлемнен жалтарып, қарызы төрт миллион теңгеге жеткен. Тек құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғағаннан кейін ғана борышын орындауға кірісті. Биыл облыс орталығында 18 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың бірі айыппұлмен құтылса, енді бірі жеті тәулікке қамалды. 

Диас Теңізбаев, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Тәуелсіздікке байланысты амнистия жарияланған болатын. Сол амнистия бойынша жазаланған жоқ. Тек қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әкімшілікке олар енгізілмейді амнистия. Олар өздерінің әкімшілік жазаларын өтеп, отырып шықты жеті тәулік бойынша.