Жазасын өтеуші өзі жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдарын балалар үйіне тарту етті

Жазасын өтеуші өзі жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдарын балалар үйіне тарту етті

Ақтауда жазасын өтеуші өз қолымен жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдарын балалар үйіне тарту етті. 

42 жастағы Жадыра Оразғалиева шағын цехында дайындаған көрпе-төсекті сыйлау арқылы бүлдіршіндерге жылулық бергісі келген. Ол өңірдегі қоныс колониясында жазасын өтеп жатыр. Алаяқтық үшін 6 жылға сотталған. Түрмеде тігін тігуді үйреніп, қазір қазақтың ұлттық бұйымдарын дайындайды. Тапқан табысын отбасына жібереді. Бұдан бөлек қайырымдылыққа жұмсайды. Жалпы Маңғыстау облысында Жадыра сияқты 120-дан астам сотталушы еңбек етіп жүр.

Жадыра Оразғалиева, жазасын өтеуші:

- Мекемеге келгелі қарттар үйіне барамын, балалар үйіне барамын. Жетпейтін отбасыларға көмектесемін, қайырымдылықпен айналысамын. Қазір 4 жыл болды, енді 1 жыл 10 айым қалды. Қазір тәртібіме байланысты қоныс колониясына келдім. Шыққаннан кейін кәсіпті дамытамын.