Мәсімовті тапқан адамға сыйақы беріледі – Антикор

Мәсімовті тапқан адамға сыйақы беріледі – Антикор
Inbusiness.kz

Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы іздестірілуде.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Іздестірілушіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз call-центр 1424 +7 (7172) 909 260 +7 (727) 278 7300 +7 (707) 978 0808. Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі» делінген хабарламада.