ШҚО-да құтқарушылар лагерьдегі балаларды оқыс оқиғаның алдын алуға үйретеді

ШҚО-да құтқарушылар лагерьдегі балаларды оқыс оқиғаның алдын алуға үйретеді

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар лагерьдегі балаларды оқыс оқиғалардың алдын алуға үйретеді. 

Бұл «Балалар жылы» аясында  іске асатын ірі жобалардың бірі. Биыл облыста 30 -дан астам лагерде 180 бала демалады.

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар лагерьдегі балаларды оқыс оқиғалардың алдын алуға үйретеді. Бұл «Балалар жылы» аясында іске асатын ірі жобалардың бірі. Биыл облыста 30-дан астам лагерьде 180 бала демалады.

«Қауіпсіздік күні» тақырыбындағы шара негізінен балалар үйінің тәрбиеленушілері демалып жатқан «Үміт» лагерінде ұйымдастырылды. Өрендер қуыршақ театрының өнерін тамашалау арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерімен жете танысты. Ал бұл кезде ересек балалар құтқарушылардың кедергілерді бағындыру мен өрт сөндіру шеберлігіне тәнті болды.  

Данил Вайденко, қала тұрғыны:

– Маған барлық сынақтар ұнады. Әсіресе сумен допты құлатуға тырысқан тұстан өте жақсы әсер алдым. Бірақ ең қиыны, үстеріндегі ауыр киіммен жүгіру болар деп топшыладым. 

Балалар өрт сөндіру техникасы және құтқарушылардың киім-кешегімен де жақын танысты. Демалушылар жазда табиғат аясына жорыққа шығып, түрлі экскурсияларға қатысады. Сол кезде олар түрлі оқыс жағдайларға тап болуы мүмкін. Улы шөптер, түрлі жәндіктер бар дегендей. Бүгінгі шара жастардың осы саладағы білімін ұштап,  өрт сөндіруші мамандығының қыр-сырын меңгеруге жол ашады, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Әділ Бидахметов, Ұлан аудандық ТЖБ бастығы:

- Бүгін Ұлан ауданы төменгі Тайынты елді мекенінің маңайында Үміт балалар үйінің демалыс базасында Ұлан ауданының ТЖБ ШҚО ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп жазғы каникулда балалардың өрт қауіпсіздігін сақтау және суда шомылу тақырыбы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. 

Облыста 30-дан астам балалар лагері жұмыс істейді. Биыл бұл нысандарда 185 мың бала демалады. 

Талғат Серікқалиұлы, Әсем Өтешева, Берік Жобалайулы