Аумақтық комиссия мүшелері біліктілігін арттырмақ

Аумақтық комиссия мүшелері біліктілігін арттырмақ

Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі» атты үш күндік семинар басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді еліміздегі ірі қалалалар мен шалғай аудандардан келген 60 маман өз біліктілігін арттырады. Оқыту барысында халықаралық сайлау қағидаттары мен стандарттары туралы айтылды. Сайлау жүйесіне енгізілетін өзгерістер де талқыланды. Жыл соңына дейін мұндай дәріс БАҚ өкілдері мен партия мүшелері үшін де өткізілмек.

Думан Жанпейісов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығы басшысының орынбасары:

– Еліміздегі саяси мәдениет, сайлау мәдениеті өте өзекті. Халықтың саяси мәдениеті мен электоралдық сауаттылығын арттырумен айналысу керек. Сайлау комиссиясының жұмысын тұрақты, дауыс беру түрлерін балалмалы түрін қарастырып талқыланады.