Нұр-Сұлтанда «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» анықталды

Антты бұзбау, анттан аттамау – біздің халық алдындағы басты парызымыз.  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев осылай дейді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметке кіргенде қабылданатын анттың маңыздылығы ерекше, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әдеттегі формальды түрде орындалатын шара болып қалмауы керек. Ол үлкен жауапкершілік,- дейді. Сондай-ақ бүгін  «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» анықталды. Салаға еңбегі сіңген мамандар құрметке бөленді. Сондай-ақ «Жылдың үздік сапалы қызмет көрсетушісі» конкурсының жеңімпаздары ерекше марапатқа ие болды. Салтанатты шарада мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа сын-тегеуріндерді шешуде мемлекеттік қызметшінің миссиясының зор екені айтылды.

Дархан Жазықбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Кездесуден кейін семинар тренингтер өткіземіз. Одан кейін алғаш рет мемлекеттік қызметшілердің интеллектуалдық білімін шыңдау мақсатында мемлекеттік органдар арасында алғаш рет «не? қайда? қашан?» ойыны өткізіледі. Бұл мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеріп, болмысын қалыптастыу мақсатында жүргізіліп жатыр.

Мирболат Жақыпов, Мемлекеттік қызмет саласының ардагері:

- Мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Таңдадың ба тұрақтылық керек. Ең төменгі сатыдан биіктегенде, мамандықтың қыр-сырын тиянақты біліп, үйреніп, жастарға ұстаз болып үйрену қажет. Тек сонда ғана нәтиже болады.