ДДСҰ: Маймыл шешегіне шалдыққандардың саны артты

ДДСҰ: Маймыл шешегіне шалдыққандардың саны артты

Әлемнің 48 елінде маймыл шешегіне шалдыққан науқастардың саны 3 мың 200-ден асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус хабарлады. Ұйымның төтенше комитеті бойынша өткен отырыста инфекция жыныстық азшылық өкілдерінің арасындағы ер адамдарда көп кездесетіні мәлім болды. Гебрейесус аурудың тез таралуына баса мән беріп, инфекцияны әлі де жіті зерттеу керек дегенді алға тартты. Сонымен қатар дертке шалдыққандардың санын есептеп, олармен қарым-қатынаста болғандарды қатаң бақылауда ұстау керек екенін айтты.