Шымкентте кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексеру көбейген

Шымкентте кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексеру көбейген

Шымкентте бизнес нысандарын заңсыз тексеру мен айыптаулар көбейді.

Әсіресе төтенше жағдайлар мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, еңбек инспекциясы жиі тәртіп бұзған. Кейінгі алты айда қала прокурорларының араласуымен он үш тексеру нәтижесі тоқтатылып, заңсыз деп танылған. Аталған мемлекеттік құрылымдардың 25 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кейбіреуіне қатаң сөгіс жарияланды. Мәселеге құзырлы орган өкілдері де пікір білдірді. Енді прокурорлар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бірлесіп, бизнеске жасалған қысымды бақылауға алатынын хабарлады. Кәсіпкерлерден мобильді топқа тағы 50 арыз-шағым келіп түскен.

Бақтыбек Амалдықов, қалалық прокуратураның прокуроры:

- Ағымдағы жылы қадағалау актілері бойынша 2592 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. 4 мыңнан астам бизнес субъектілері заңды мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілді. 500-ден астам әкімшілік өндіріс қысқартылды. Төрт мемлекеттік органдардың АКТ-лерінің күші жойылды. Бұзушылыққа жол берген 25 лауазымды тұлға иелері түрлі жауапкершілікке тартылды.