СҚО-да қолөнер шебері ұлттық бұйымдарды насихаттап жүр

Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылында қазақтың ұлттық бұйымдарын жасайтын шебер тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марат Фаттахов заман талабына сай жиналмалы дөңгелек үстел, бесік, сандық жасайды. Бұл Марат Фаттаховтың үй алдындағы шағын ғана жұмыс орны. Бұл жерде ол қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайды. Қазір қонақтарға арналған дөңгелек үстел істеп жатыр.

Марат Фаттахов, шебер:

– Қазір көбін қарасаң, бәрі заманауи. Дәстүріміз бар ғой енді. Бәрміз ұлтымыз қазақпыз ғой енді. Баяғыдан ата-бабаларымыздан келе жатқан өнер ғой. Соны ұмытпау үшін. Жастар кішкене көзімен көрсін.

Бір қызығы, қолөнер шебері бірінші бұйымын 50-ден асқанда жасаған. Қазір осындай бұзылып жиналатын бесікке дейін істейді. 

Марат Фаттахов, шебер:

Статусқа саламын, сол кісілер осылай керек деп сұрайды. Сосын енді сұрағасын істеп беремін. Кісілер бесікке баланы бөлгенде оңды ғой.

Қазір ағаш ұстасы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік курсынан өтіп жатыр. Енді ол грант ұтып, шағын шеберханасын ашқысы келеді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев