Ақтауда үшем дүниеге келді

Ақтаудағы «Ана мен бала» орталығында биыл екінші рет үшем дүниеге келді. Сәбилердің есімі Айым, Гүлім және Нұрым. Бүгін олар перзентханадан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік қызметші Амангүл Тасыбекованың үшемнен бөлек 3 баласы бар. Жалпы биыл облыстық перзентханада 4 мың 300 нәресте жарық дүние есігін ашқан. 85-і егіз.

Амангүл Тасибекова, қала тұрғыны:

Аяқ астынан болды, өзіміз күтпегенбіз. Өзім көтердім, ЭКО емес. Бөлек тұрамыз, бірақ барлығын да шақырып жатырмыз көмектесуге, ата-енемізді. Медицина қызметкерлеріне рахмет айтамын.