Талдықорғанда инфекциялық ауруханаға індет жұқтырғандар жатқызыла бастады

Талдықорғандағы инфекциялық аурухана ұжымы короновирус жұқтырған науқастарды қайта қабылдай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш күннің ішінде мекемеге жеті адам жатқызылды. Сөйтіп сырқаттанғандар саны 11-ге жетіп отыр. Олар негізінен Қаратал, Текелі, Ескелді, Сарқан және облыс орталығының тұрғындары. Ыстығы көтеріліп, тынысы тарылғандарға тиісті симпоматикалық ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. Өңірде індетке шалдыққандар қатары көбейіп келеді. Соңғы екі аптада Алматы және Жетісу облысында жүзден аса адамнан жұқпалы ауру белгілері анықталды. Осыған байланысты модульді ауруханада қосымша 20 төсек дайындалып отыр. Эпидахуал күрделенген жағдайда орын санын арттыру қарастырылған. 

Гүлнәр Жүсіпбекова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары:

– 200 төсектік аурухана. Оның ішінде ересек және балаларға арналған және де жиырма жан сақтау орны бар. Аурухана толығымен дәрі-дәрмектермен қамтылған. Кислород көзі әрбір төсекке жеткізілген. Кислород қоры да жеткілікті деп айта алам.