Түркістандағы қоғамдық ұйым өкілдері қайырымдылық акциясын өткізді

Түркістандағы қоғамдық ұйым өкілдері қайырымдылық акциясын өткізді

Балалар өз армандары туралы хат жазып, бірлестік мүшелеріне берген. Ал олар өз кезегінде балғындардың сөзін жерге тастамай, өтініштерін орындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акцияны өткізуге жергілікті меценаттарда атсалысты. Бастама көтерген азаматтар шағын концерт өткізіп, ұл-қыздарға планшет табыстады.

Сағынбек Асылбеков, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы:

– Біз жас ұрпақтың, өскелең ұрпақтың дамуы үшін, олардың бақытты өмір сүруі үшін атқарушы билік болсын, саяси ұйымдар болсын, қоғам белсенділері болсын, бәріміз бірігіп, қызмет жасауымыз керек. Осы бағытта ұйымдастырылған шара деп есептеймін. Бұл шараға қолдау көрсеткен демеушілер. Ризашылығымызды білдіреміз.