Құрбан айттың алғашқы күні елде 47 мыңдай отбасына құрбандық еті таратылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне қарағанда 14 мыңнан астам мал шалынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 2 мың алты жүздейі qurban2022.kz сайтына тапсырыс беру арқылы онлайн жүзеге асты. Сайтта өтініштерді қабылдау ертең сағат 16:00-ге дейін жалғасады.