Қазақстандықтардың 61%-і медицинаға сенеді

Соған қарамастан тұрғындардың 35%-ті ақпаратты интернеттен қайта тексереді.

Бұл туралы STADA компаниясының ТМД елдері бойынша директоры Арминас Мацевичус мәлімдеді. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан халықтың 58%-і пандемия кезінде ем алуда қиындықтар болғанын айтқан. Халықаралық зерттеу 15 елде өтті. Сауалнамаға Еуропа елдерінен бөлек биыл бірінші рет Румыния мен Қазақстан қатысты. Барлығы 30 мыңнан астам респондент 43 сұраққа жауап берген. Олардың дені денсаулық сақтау жүйесі, халықтың жалпы денсаулығы мен тамақтану тәртібі, сондай-ақ постковидті кезеңге қатысты.

Арминас Мацевичус, STADA компаниясының ТМД елдері бойынша директоры:

- Қазақстан халқы медицинадағы цифрлы технологияларды жоғары бағалады. Тұрғындар QR-кодтарды пайдаланып, дәрі-дәрмекті онлайн сатып алуға бейім. Бұл біздегі цифрландыру деңгейі Еуропаға қарағанда жоғары екенін көрсетеді. Жалпы зерттеуге әр елден 2 мыңдай адам қатысты.