Вирустың кесірінен «Ашықтың» мәселесін қайтадан көтеруге тура келеді

«Ашықтың» тақырыбын жауып едік, қайта ашатын түріміз бар. Әлгі мобильді қосымшаны айтып отырмыз. Өйткені өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны ел бойынша 800-ден асты. Жауапты ведомство қатты састы. «Қызыл аймаққа кіріп кетпейміз бе?» деп, әсіресе Алматы қысылып отыр.

Тәуір болдық па дегенде тәж тажалы қаһарына қайта мінді. Ауруға шалдыққандар саны тәулігіне 850-ге жетеғабыл. Писсимистік тізімді Алматы бастап тұр. Бір күнде 280 науқас тіркелсе, Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш 100 адамға аз. Шымкентте- 87, Алматы облысында -67, Жамбылда ковидге шалдыққандар саны 35 болса, ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында. 24 сағатта үш адам ковид жұқтырған.

Алматы - 280, Нұр-Сұлтан – 180, Шымкент қаласында – 87, Алматы облысында – 67, Жамбыл облысында – 35, Атырау облысында – 17, Шығыс Қазақстан облысында – 12, Ақмола облысында – 8, Ақтөбе облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 7, Қарағанды облысында – 56, Қостанай облысында - 9, Қызылорда облысында – 19, Маңғыстау облысында – 10, Павлодар облысында – 8, Солтүстік Қазақстан облысында – 9, Түркістан облысында 13 адам вирус жұқтырған.

Ержан Байтанаев,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Сол 820 азаматтың 80 пайызы вакцина алмаған немесе ревакцинация өтпеген азаматтар болып шықты. Біз оны пцр  алып болғаннан кейін, азаматқа хабарласқаннан кейін сұрақ қойдық вакцина алып па едіңіз деп, барлығының жауабы алмаған. Неге өтпедің десек, пандемия бітті деп ойладық.

Ия. Қоғам тарапынан жауапкершіліктің төмендігін жоққа шығармаймыз. Той қуалауды қойып, ой қуалауға қанша шақырғанымызбен бастапқы әдетке қайта басыппыз. Мерекелік шаралардың қарасы көбейгенін министрлік өкілдері жасырмайды. Сауалнамаға қатысқандардың дені ковидті тойдан жұқтырғандарын айтыпты. «Пандемия келмеске кетті», - деген қоғамда жаңсақ пікір бар.

БЛИЦ ХАЛЫҚ

БЛИЦ  ХАЛЫҚ

БЛИЦ  ХАЛЫҚ

Салдарынан Алматы қызыл аймаққа қайта кірудің алдында тұр. Бұл нені білдіреді? Егер алдағы бір апта бойы өңірде вирус жұқтырғандар саны күніге 50 адамнан асып отырса, қатаң карантиндік шаралар қайтып келеді. Яки баяғыша бәріміз қызыл, жасыл, көк болып бөлініп, «Ашық» мобильді қосымшасын қолданысқа қайтып енгіземіз. Маска да міндеттеледі. Тығырықтан шығудың төте жолы – вакцина. 

Ержан Байтанаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Сол себепті ревакцинадан өту керек. Елде вакцина тапшылығы жоқ. Казвак, Қытайдың синофарм компониясының вакцинасы, файзер  вакцинасы елде жеткілікті.

Айтпақшы, әупірімдеп тәж тажалмен күресіп жүргенімізде, маймыл шешегі де алқымнан алып тұр. Жау жоқ деме жар астында,  «ә» дегенде көрші елге де жетіп келді. Еуропа елдеріне саяхаттап барып, вирус жұқтырып қайтқан Ресей азаматы қазір оқшауланды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қақты. Шұғыл түрде төтенше жағдай комитетінің отырысы өтеді.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

- Маймыл шешегін жұқтырғандардың саны 9200-ге жетті. Аурудың таралуы ушығып барады. Осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Төтенше жағдай комитетінің отырысын келесі аптада өткізеді. Шарада дертпен күрес бойынша тиімді шаралар мен кеңестер ұсынылады.

Жә, кеңес берілер, шара да қабылданар. Алайда, айналып келгенде, сақтанған ғана аурудың алдын алар. Сонымен маймыл шешегі қалай жұғады? 

(ГР -2: Маймыл шешегі қалай жұғады?

Қан арқылы

Тер арқылы

Сілекей арқылы)

Ал белгілеріне келсек, ковидке келіңкірейді. Температураның көтерілуі, дененің қалтырауы, әлсіздік пен бас ауруы. Ерекшелігі денеде бөртпелер пайда болады. Бұл да ойда болады.