Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға сотталды

Кентау қаласының бұрынғы әкімі 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дәурен Махажанов жемқорлық үшін сотталды.

Іс материалдарына сәйкес, ол жол құрылыс компаниясының директорынан 42,5 миллион теңге пара алған. Сондай-ақ осы істің басқа айыпталушылар да жазаланды.

Айта кетсек, Лаврентий Бобрышев бір жылға, ал Бауыржан Түмебаев 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.