Елорда әуежайында 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары басталады

Елорда әуежайында 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары басталады.

Осыған байланысты ұшу алаңының жұмыс кестесі уақытша өзгереді. Сәйкесінше кейбір әуе бағыттарының уақыты кейінге шегерілуі мүмкін. Алдын ала сатып алған билетін тапсырамын деушілерге айыппұл мен өсімпұл салынбайды. Бұл туралы Назарбаев халықаралық әуежай басқармасы төрағасының орынбасары Ерғазы Жолдасов айтты. Жөндеуге 280 млн теңге бөлінген.

Ерғазы Жолдасов, Н. Назарбаев халықаралық әуежайы басқармасы төрағасының орынбасары:

- Мынау енді бүгінгі таңда жасалатын жұмыстың 70 проценті жасалды. Сол 30 проценті ұшып-қону алаңында. 15 шілдеден бастап, 8 тамызға дейін бітіруіміз керек. Сол аралықта ұшып-қонатын рейстердің кестелері жасалған. Әуе компанияларының бәрі біледі. Және де ол 100 күн бұрын белгілі болған.