Алакөл жағалауындағы ауылдарда бензин таусылып қалды

Алакөлдің Абай облысы бөлігіндегі жағалауына жақын орналасқан ауылдардағы жанармай бекеттерінде бензин таусылып қалған.

Салдарынан жолаушылар ұзынсонар кезекке тұрған. Үржар ауданы әкімдігі Мақаншы мен көл жағасындағы Қабанбай ауылындағы жанармай құю бекеттерінде бензин қалмағанын растады. Бұған Павлодардағы мұнай зауытының жұмысын уақытша тоқтатуы себеп болған. Алайда бензин бүгін жеткізіледі дейді мамандар.

Назым Байпейісова, Үржар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы:

- Мақаншы, Қабанбай ауылында «Қазмұнайгаз» бекетінің болмауы тапшылық тудырды. Бірақ Аягөз және Павлодар қалаларынан 117 тонна бензин келе жатыр. Бүгін кешке дейін Алакөл жағалауына 17 тонна бензин келеді.