Солтүстік қазақстандық диқандар тұқымға қатысты талап қойды

Қазақстанға шетелден әкелінген селекциялық тұқым бірден тіркеуге қойылып, сатылымға шығарылсын. Солтүстік қазақстандық диқандар осындай талап қойып отыр. Сонда ғана бәсекеге қабілетті өнім алуға болады. «Атамекен Агро» компаниясы өңірде дала күнін ұйымдастырып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Оған диқандармен бөлек ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары да қатысты.

«Атамекен Агро» еліміздегі еңселі компаниялардың бірі. Әркез өндірісті арттырып, өнімділікті еселеп отырады. Тұқым шаруашылығын жандандырып, қарқынды дамып келеді. Бүгінде алқаптардағы дақыл бітік шықты. Мұны ғалымдар да мойындап отыр. 

Алексей Моргунов, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, селекционер:

- Бұрын тұқым шаруашылығын дамыту қажет деп айтатынбыз. Қазір барлығы бір жолға қойылды. 4-5 жыл сайын жаңа сұрып шығарылуы тиіс. Және ол қолданысқа барынша енгізілуі шарт. Бұл шаруашылық осы мүмкіндіктерді оңтайлы жүзеге асырып отыр.

Аргохолдинг былтыр 750 миллион теңгеге елімізде теңдесі жоқ зауыт ашты. Онда сапалы тұқым дайындалады. Яғни дәндер бірнеше тазалаудан етеді, сұрыпталады, дәріленеді. Тіпті зиянкестерден арылады. Жылдық қуаты 60 мың тонна.

Александр Фадеев, “Атамекен - Агро - Корнеевка” ЖШС директоры:

- 2019 жылы біз «Қазақстанның проблемалық кредиттер қорына» өттік. Яғни аргоқұрылымдарды қолдау бағдарламасының арқасында компания қарқынды дамуға мүмкіндік алды.

Бүгінде мұндағы мамандарды алаңдатып отырған бір мәселе бар. Ол шетелдік тұқымдарды сатуға байланысты.

Ертай Қанафин, “Атамекен–Агро” АҚ өсімдік шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Бұл тұқымдар елімізде бірден тіркеуге қойылмайды. Ол үшін үш жыл уақыт қажет. Салдарынан біз оларды саудалай алмаймыз. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігі осы заң жобасын қайта қарастыруы қажет деп ойламаймыз.

Компания мал шаруашылығына да ден қойды. Қазір 6 миллиард теңгенің тауарлы сүт фермасы салынып жатыр.

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов