Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды

Алматыда тағы бір қару-жарақ қоймасы әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Криминалдық полиция мен мемлекеттік күзет қызметі жасырылған қаруларды Медеу ауданындағы саяжай алқабынан тапқан.

2 Макаров тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрдегі патрон, 22 граната және радиостанция тәркіленді. Қоймада өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі есірткі де жасырылған екен. Қазір осы қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.