Атырауда өндірістегі ақаудың себебі айтылды

Энергетика министрлігі кеше Атырауда мұнай өңдеу зауытының неліктен тоқтап қалғанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі ауа райының қолайсыздығына байланысты екі әуе электр желісі бір уақытта ажыратылған. Соның салдарынан Қазақстанның батысындағы станциялар мен зауыттар жарықсыз қалды. Мұнай өңдеу зауытында электр желілерін іске қосу тетіктері өшіп қалды. Ал Каспий құбыр консорциумы нысандарын энергиямен жабдықтау шектелді. Karabatan Utility Solution жүйеден ажыратылды, сондықтан электр станциясы генерацияны нөлге дейін түсірді. Қазір мамандар технологиялық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде.