Атырауда зауыттағы апат мұнай тасымалына әсер еткен жоқ

Атырауда зауыттағы апат мұнай тасымалына әсер еткен жоқ

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытындағы оқыс оқиға мұнай тасымалына әсер еткен жоқ.

Қазіргі уақытта теңіз терминалы қалыпты жұмысын жалғастыруда. Каспий құбыр консорциумының мәліметіне сенсек, станциялардың негізгі құрылғылары резервтік көздерден қуат алуда. Сол үшін нысанда төтенше жағдай қаупі жоқ. Естеріңізде болса, кеше электр энергиясының кілт тоқтауынан, мұнай өңдеу зауытының мұржасынан от шыққан болатын.