Қаңтар оқиғасына қатысқан 700 адам сотталды

Қаңтар оқиғасына қатысқан 700 адам сотталды

Қаңтар оқиғасына қатысқан 700 азамат сотталды. Сотқа барлығы 500-ге жуық қылмыстық іс жолданған. 

Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы хабарлап отыр.

Ал 1077 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Олардың 512-сі уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 8 мыңнан астам заң бұзушылық жойылды. Бюджетке 15 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.