Бүгін Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Егемен Қазақстан

31 шілде күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады. Тек Ақтөбе қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай туындаса, елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.