БҚО-да инспектордың өліміне қатысты сот басталды

БҚО-да инспектордың өліміне қатысты сот басталды

Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Маженовтің өліміне қатысты сот үрдісі басталды.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Ақжайық ауылынан 15 шақырым жерде табиғат инспекторының денесі табылған еді. Оған оқ тиген. Оқиғаға қатысты «абайсызда адам өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Прокурордың айыптау актісіне сүйенсек, марқұм сол күні екі танысымен бірге аңға шыққан. Олардың біреуі мылтықты оқтау кезінде абайсызда инспекторды атып алған. Жәбірленуші тарап кінәлі адамды қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр және моральдік шығын ретінде 200 млн теңге сұрап отыр.