Қабанбай батырдың туғанына – 330 жыл

Қабанбай батырдың туғанына – 330 жыл

Бұдан бөлек, жиында ерлікті насихаттайтын түрлі ұсыныстар айтылды. Мерекелік шара аламан бәйге, ат шабыс, спорттық жарыстар және концерттік бағдарламамен жалғасты. Батыр әруағына арнап ас та берілді., деп хабарлайды «Хабар 24».

 Көзсіз ерлігі мен жасымас жігері үшін ұлына ұлты осындай ұлы айдар тақты. Расымен, жоңғарлармен болған ұрыс кезінде ірі жеңістердің барлығы дәл осы Қабанбай батырдың арқасында болған. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар осылай дейді. Жиынның Тарбағатайда өтуі де тегін емес.

Қуаныш Қабидоллин, тарихшы:

Осы біздің Тарбағатай өңірінде жоңғар-қазақ шайқасының соңғы шешуші шайқасы болған, әйгілі 80 күндік Шорға шайқасы өткен. Сол жерде батыр бабамыз келіп, осы жерде елді қорғаған.

Ашығын айту керек, бүгінде тұғырлы тұлғаның бет-бейнесі көп адамға беймәлім. Ал батырды дұрыс насихаттау, бүтін ұлттың тәрбиесіне сеп болар еді. Тіпті сол арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге болады дейді ғалымдар. Айтуларынша, бұл үшін арнайы институт немесе орталық құру керек.

Нұрдәулет Ақыш, жазушы, филология ғылымдарының докторы:

- Тағы да зерттеулер керек, өйткені тың мәліметтер шығып жатыр әр жерден. Бірақ соны тереңдеп зерттейтін бір жалпы осы батырлық туралы институт керек. Біздің ерлігімізді зерттейтін

Авторлары: Әнел Есенбердина, Жігер Бабақанов