Мұғалімдердің жалақысын жымқырған алаяқ сотталды

Мұғалімдердің жалақысын жымқырған алаяқ сотталды

Естеріңізде болса, жыл басында алматылық жігіт Түркістан облысының Шардара және Төлеби ауданындағы 5 мектеп мұғалімдерінің айлығын интернет арқылы ұрлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті осы аляқтық әрекетімен 76 мұғалімге 26 млн теңге көлемінде шығын келтірді. Бұрын өзі қаржы саласында жұмыс істеп, 1 С бухгалтерлік бағдарламасын жетік меңгерген ол қомақты соманы өз есепшотына аударып алған. Сосын оңай олжаны  құмар ойынға жұмсаған. Шардара аудандық прокуратурасының мәліметінше, күдіктіні тінту кезінде қалтасынан 1,5 млн теңге табылған. Сондай-ақ, анасы 1 млн 300 мың теңгені полицияға тапсырған. Сол күні күдіктінің есеп шоты бұғатталып, одан 7 млн 681 мың теңге тәркіленді.

Руслан Әбдірайымов, Шардара ауданының прокуроры:

Бұл қаражаттар, яғни күдіктінің есеп шотынан алынған, анасы қайтарған және қалтасынан табылған 1,5 млн теңгенің барлығы мемлекет пайдасына тәркіленді. Қазіргі таңда күдікті Жетісай ауданы сотының үкімімен, қылмыстық кодекстің 188 бабы 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған нақты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бас бостандығынан айыру жазасын түзеу мекемесінде өтеу белгіленді.