Конференция: Конституциялық реформаның маңызы сөз болды

Конференция: Конституциялық реформаның маңызы сөз болды

Елордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Конституциялық реформа және оның Қазақстан үшін маңызы талқыланды. Ұлттық академиялық кітапхана қабырғасында ұйымдастырылған шара Ата-заң күніне орайластырылды. Оған белгілі ғалымдар мен құқықтанушылар, заңгерлер қатысты. Кездесу барысында «2022 жылғы 5 маусымдағы Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсініктеме» атты кітаптың таныстырылымы өтті.