Павлодар облысында уланған үш оқушы ауруханаға түсті

Павлодар облысында уланған үш оқушы ауруханаға түсті

Павлодар облысы Ақсу қаласында болған жаппай улану дерегі бойынша эпидемиологиялық тексеру басталды. Уланған үш оқушы ауруханадан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетсек, Павлодар облысында бассейнге түскен тоғыз адам хлордан уланып қалған еді. Олардың бесеуі бала. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге мәліметтер жария етілмеді. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабарлауынша, балалардың жағдайы жақсарған.