Ауыл тұрғыны ағаштан көмір өндіреді

Жамбыл облысында ерекше кәсіпті игеріп қана қоймай, оны бизнес ретінде дөңгелетіп отырған тұрғын бар.

Қайрат Кәдірбаев қазір қажетсіз болып қалған ағаш қалдықтарынан көмір өндіреді. Қолы ұсынақты жігіт енді мұнымен шектеліп қалмай күлден сабын жасауды көздеп отыр.

Қайрат Кәдірбаев кәсібін 2008 жылы ағаштан құрылыс материалын шығарып бастаған. Ол ағаш қалдығы көп қалатын болғандықтан оны қалай кәдеге жаратуға болатынын зерттепті. Ресейге барып ағаштан көмір шығаруды үйреніп келген. Кәсіпкер бастапқыда мемлекеттен берілген 1,5 млн теңгенің  гранты үлкен көмек болды дейді.

Қайрат Кәдірбаев, Шайқорық ауылының тұрғыны:

- Қазір средний шығарып жатқаны 3000 қап шығарып жатырмын айына. 3 пеш тағы да қоссам ба деп жатырмын. Мен оны көбейтсем ба деп отырмын. Сұранысы да жақсы қазір.

Мерей Бает, тілші:

- Кәсіпкер дайын болған өнімді облыстағы жанар май бекеттері мен ірі сауда орталықтарына өткізеді. Тұрақты сатып алушылары да бар. Тұтынушыға тек отандық өнімді қолдап, кәдесіне жаратса жеткілікті.

Өнертапқыш  көмірді дайындау үшін өзі жетілдірген арнайы пештерді пайдаланады. Шикізат ретінде ауылдағы қураған ағаш пен құлағалы тұрған талдарды кәдеге жаратады. Қалдықсыз кәсіп бастаған кәсіпкер енді күлінің өзін өндіріске бейімдемек.

Қайрат Кәдірбаев, Шайқорық ауылының тұрғыны:

- Енді Құдай қаласа өзімнің жобам тұр. Сол күлінің өзінен баяғы ата кәсіппен сабын шығарсам ба деймін. 

Қайрат мемлекеттен көмек болса тың жобаларды жарыққа шығаруға дайынмын дейді. Ол мал сүйегінің майынан кір сабын шығарып, үгіндісінен жем жасауды жоспарлауда.

Бауыржан Төлендиев, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда бұл кісінің біраз жобалары бар.  Ол бойынша да сол грантқа ұсындық. Гранттың 2021 жылдан бастап гранттың да көлемі 5 млн теңгеге дейін ұлғайған.

Ауладан кәсіп ашқысы келетіндерге қолдау болады дейді жергілікті әкімдік. Қаржылай қайтарамыз гранттан бөлек жеңілдетілген несиеге қолғабыс етпек. 

Мерей Бает, Руслан Ахатілла