Қазақстанда барыс азайып барады

Елдің нышанына баланған барыстың азаюы мамандарды алаңдатып отыр. Қазір Қазақстанда жыртқыш аңның 180-ге жуығы қалған.

Әсіресе Іле Алатауында мекендейтін барыстарды сақтау өзекті мәселе болып тұр. Соңғы бес жылда ғалымдар Алматы қорығы мен Іле-Алатау ұлттық паркінің мамандарымен бірлесіп қала маңында мекендейтін барыстарға үздіксіз бақылау жүргізіп келеді. Таудағы жануарлардың негізгі популяциялық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу үшін 50-ден астам фотоаппарат орнатылған.

Аңды бақылау орталығының териология зертханасының меңгерушісі Алексей Грачевтің айтуынша, сирек кездесетін бұл аңдар биік шыңдарды ғана емес, қала маңын да шиырлайтын болған. Қазір Іле Алатауында 40 ирбис қалған. Соның 23-і Алматы қаласынан 30 шақырым радиуста мекендейді.  

Алексей Грачев, териолог:

- Барыстардың көбейетін уақыты қаңтар мен сәуір айының аралығында болады. Оларға көбіне кеңістік керек. Бір байқағанымыз ковид бойынша шектеулер кезінде барыстар біршама бой көрсете бастаған.Бірақ кейін қайтадан жоғалып кетті. Өйткені бұған әртүрлі инфрақұрылымдардың пайда болуы және туристердің шамадан тыс көптігі кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан барыстардың көбейетін уақытында барынша қол ұшымызды созуға тиіспіз.