Алматыдан Қостанай облысына көмектің екінші легі жөнелтілді

Алматыдан Қостанай облысына көмектің екінші легі жөнелтілді

Алматыда өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау жалғасуда.

Бүгін әрқайсысына 20 тоннадан астам зат тиелген төрт жүк көлігі Алматыдан солтүстіктегі ағайынға жолға шықты. Онда бұзылмайтын ұн, қант, күріш, қарақұмық, өсімдік майы, ауыз су, консервілер секілді азық-түлік бар. Төсек-орын жабдықтары мен жеке гигиена құралдары да салынған. Бұл екінші рейс. Бірінші рейс кеше түнде аттанған еді. Алғашқы көмек ретінде 40 тонна жүк жөнелтілді. Алматы мен Қостанайдың арасы шамамен 2 мың шақырым. Қайырымдылық көмек тиеген көліктер жолда үш күн жүреді. 

Әкежан Кеңес, Қалалық "Жастар Рухы" жастар қанатының жетекшісі:

- Бір топ белсенді жастар, еріктілер Қостанайға аттанамыз. Яғни біздердің мақсатымыз бұл жүк көліктерімен гуманитарлық көмектерді қатар бұл гуманитарлық көмекті сол Қостанай жұртшылығына жеткізілуін қамтамасыз етуіміз керек. Сонымен қатар Қостанай жұртшылығына, Қостанайдың жаңағы өрттен кейінгі апатты салдарына, құрылыс жұмыстарына көмектесіп сондағы жұртшылыққа барынша көмектесіп атсалысамыз.