Қостанай облысында ірі қара малдан Сібір жарасы табылды

Қостанай облысында ірі қара малдан Сібір жарасы табылды

Қостанай облысында ірі қара малдан сібір жарасы табылды. Мал дәрігерлерінің айтуынша, бұл өңірде бір апта ішінде тіркелген жалғыз жағдай.

Сондықтан жаппай шығын жоқ, тек Федоров ауданы Запасное ауылындағы ұйымдасқан шаруашылықта жедел инфекциялық вирустан бір сиыр өлген. Жалпы шаруашылықта бес жүз бастан астам ірі қара бар. Көктем мезгілінде барлық үй жануарына сібір жарасына қарсы вакцина егілген. Қазір мамандар малдың инфекцияны нақты қалай жұқтырғанын анықтап жатыр. Ауылдық округ аумағында сібір жарасының қорымы бар. Алайда ол аумақ зарарсыздандырылған. Одан бөлек темір қоршауы да бар. Сондықтан мамандар ірі қараның ол жерге барып, вирус жұқтыруы мүмкін емес екенін айтады. Алайда қазір ауылды екі апталық карантинге жабу туралы қаулы дайындалып жатыр.

Ақат Шектібаев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Барлық қажетті ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Дезинфекциялық жұмыстармен қатар, қолда бар барлық малға екпе салынады. Ветеринарлар күн сайын таңертең іріқараларға клиникалық тексеру жүргізеді. Барлық үй жануарлары бақыланады. Олар физиологиялық жағынан сау. Дәл қазір іріқараның арасында ауру мал жоқ.