Келесі жылы елде 4 күндік жұмыс аптасы міндетті болуы мүмкін

Мұндай норма қазір де бар. 2015 жылы қолданысқа енгізілген еңбек кодексі бойынша жұмыс беруші мен жұмысшы өзара келісе отырып 4 күндік жұмыс аптасына көше алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті 40 сағатты 10 сағаттан бөліп, төрт күн немесе 8 сағаттан келістіріп бес күн өткерсе болғаны. Енді бұл норма тағы да өзгертілмек. Құжат пысықталып жатыр. Жаңа заң жобасының қазіргі заңнан айырмашылығын маман түсіндіріп берді.

Шалқар Оразбеков, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы:

- Айырмашылығын айтатын болсам 2015 жылғы норма ол 4 күндік тараптардың келісімі бойынша болатын. Егер тараптар келіссе, жұмыс беруші мен жұмысшы әрине 4 күндік жұмыс аптасы белгіленеді ол кезде. Жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, ол мүмкін. Ал, әзіргі мына ұсынылып отырған жобамыз біздің түзетулер жобасы ол 1 апта 4 күн, 1  апта 5 күн. ОЛ өндірістің қажеттілігіне байланысты.