Жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына не кедергі?

Жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына не кедергі?

Алғашқы капиталдың аздығы, несие алудағы қиындықтар, жоғары пайыздық мөлшерлеме, мемлекеттік гранттардың жеткіліксіздігі жастардың бизнес бастауына кедергі.

Оған қоса қажетті ақпарат өте аз. Осы мәселелерді кәсіпкерлер  Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Александр Даниловпен өткен кездесуде көтерді. Кәсіп ашу оңай емес. Көбіне банкке қоятын кепілзаттың жоқтығы кедергі болады. Александр Данилов осыған қатысты елімізде жастар үшін жылына екі жарым процентпен жеңілдетілген шағын несие берудің жаңа тетігі іске қосылатынын еске салды. Осының арқасында 100 мың жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Александр Данилов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

- Аймақты аралағанда естіп, көріп жүрміз. Жастар кәсіп ашуға несие ала алмайды. Толыққанды ақпаратқа қанық емес. Қазір бұл мәселені шешу жолдарын үкімет ойластыруда. Бұған қатысты мемлекет басшысы да тиісті органдарға нақты тапсырмалар бергені белгілі. Қазір түйіткіл мәселелердің себеп-салдары зерттеліп, қаралып жатыр.