ШҚО-да аурухана құрылысы басталды

ШҚО-да аурухана құрылысы басталды

Бұл аурухананың жартығасырлық тарихы бар.  Қанша мықты ғимарат болғанмен сыр бере бастаған.Терезелерінен жел үрлеп, қабырғалары жарыла береді.

Міне, біз сылап сыйпап жөндеп қойғанбыз, күнде, ылғи, әне ана жері де жарылып кеткен.

Санитарлар осындай кем-кетікті жамап жасқап әуре. Сонда да эпидемиологиялық талаптан шықпай қалатын кездері көп. Енді іргеден жаңа аурухананың бой көтеруін асыға күтіп жүр.

Шолпан Базарбаева,  тазалықшы:

- СЭС келеді, проверка например, ол кезде бізде ана жерден ағады су көріп тұрған шығарсыздар. Бәр жерден су ағады. Сэс талаптарына сәйкес келмейді ғой, сондықтан жаңа больницада ойлаймыз үлкен мүмкіндіктер болады деп.

Дарья Шутеева осы тар да ескі мекемеде  тұңғышын босанды.Енді келесі балаларымды жаңа перзентханада дүниеге әкелермін деп үміттенеді.

Дарья Шутеева,  Риддер қаласының тұрғыны:

- Аурухана ескі болғанымен қатар қолайсыз. Өте тар. Көрші мекеме сүріліп, осында қосылғалы тіпті қиын болып кетті. Адам көп. Жуынатын жер де ыңғайсыз.

Жаңа аурухана құрылысы қарқынды. Бұл барлық заман талаптарына жауап беретін бірегей кешен болады. Сондықтан науқастар енді Өскеменге сабылып әуреленбейді. Тек кадр тапшылығы кедергі келтірмесе болғаны.

Луара Каниева, Риддер қалалық  ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Екі жалпы дәрігер, екі терапевт, неонотолог, кардиолог жалпы 12 маман жетпей тұр.

Енді жаңа аурухана салынған соң осы ескі ғимаратты жатақханаға айналдырып,жас мамандарды жұмысқа шақыру жоспары тұр. Аурухана ғимаратының құрылысы 2024 жылы аяқталуы тиіс.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов